Маңғыстау облысында полицейлер 2 баланы өрттен құтқарды

Маңғыстау облысында полицейлер 2 баланы өрттен құтқарды

Маңғыстау облысында көлік полицейлері екі баланы өрттен құтқарды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 қаңтар күні Маңғыстау ауылында болды. Станцияға жақын жерде екі қабатты үй жанған. Өрт екінші қабаттағы пәтерден басталды. Қара түтін дәлізді басып кеткендіктен адамдар, соның ішінде балалар өздігінен шыға алмаған. Өртті көрген көліктегі полиция бөлімінің алты қызметкері шұғыл жетіп, адамдарды шығарып, өртті сөндіре бастаған. Осы кезде олар пәтерлердің бірінен ересектердің қарауынсыз қалған үш баланы байқаған. Полиция лейтенанты Н.Қайыпбергенов баланың кішісін көтеріп алып, сыртқа шығарды.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары А.Омарбаев, Н.Қуанов, Н.Қайыпбергенов, Р.Хамит, А.Көктаубаев, Б.Орынхан барлық тұрғынды эвакуациялады. Сондай-ақ өрттің басқа пәтерлерге жайылуына жол бермеді.