Ақмола облысында бірнеше бизнесменнің ойыны «осылды»

Ақмола облысында бірнеше бизнесменнің ойыны «осылды»

Ақмола облысында бірнеше астыртын ойын бизнесіне тосқауыл қойылды.

Бұл туралы облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде 1 жасырын казино, 2 ойын автоматтары залы мен 1 онлайн казиноның заңсыз жұмысы тоқтатылды. Ал кінәлілердің кейбіріне қомақты көлемде айыппұл салынса, енді бірінің 3 жарым жылға бас бостандығы шектелді. Мәселен, Көкшетау – Нұр-Сұлтан тас жолының бойындағы дәмханалардың бірінде құпия казино болған. Мамандар аймақта осындай заңсыз ойын бизнесі көбейіп келе жатқанын айтады.

Нұрәби Төлеутай, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы:

- Өкінішке орай, облыста осындай қылмыстардың көбейіп келе жатқаны байқалады. Себебі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар өз ойларын елорда аумағында іске асыра алмаған соң біздің өңірге қарай ойысады. Бұған Целиноград ауданында анықталған автоматтар мен терминалдар дәлел.