Екібастұзда сайын далада адасып кеткен ер адам табылды

Екібастұзда сайын далада адасып кеткен ер адам табылды
pavlodarnews.kz

Жедел іздестіру жұмыстарына үш адам және Шідерті кентінің № 14 өрт сөндіру бекетінің  бір техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыз күні сағат 21.20-да  «112» пультіне ер адам хабарласып, көмек сұраған.  Ол түнгі уақытта Шідерті ауылы маңындағы далада адасып кетіп, қатты шаршағанын айтып шағымданған.

- Құтқарушылар 38 минуттан кейін Шідерті ауылынан 10 шақырым жерде Байет ауылының маңында 1996 жылы туған ер адамды тапты.  Олар 1996 жылы туған ер адамның Екібастұз қаласынан Шідерті кентіне келгенін және Шідерті кентінен Байет ауылының жанындағы  шаруашылыққа жаяу жетуге шешім қабылдағанын анықтады, - дейді департаментте.

Шідерті кентінің трассалық-медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері адамды қарап шықты. Ауруханаға жатқызудың қажеті  болмады.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қысқы уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.