Алматыдан 474 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 474 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
EFERRIT.COM

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOMЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 3 наурыз күні сағат 03:40-та жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 474 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.

MPV магнитудасы – 4,2.

Тереңдігі – 5 км.