Алматыдан 640 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 640 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
Егемен Қазақстан

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOMЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 наурыз күні сағат 12:29-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 640 шақырым жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.9.

MPV магнитудасы – 5,0.

Тереңдігі – 5 км.