Петропавлда ЖЭО директоры мен бас инженері қамауға алынды

Петропавлда ЖЭО директоры мен бас инженері қамауға алынды

Петропавлда апат болған жылу электр орталығының директоры мен бас инженері жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ енді нысанның жұмысын қадағалаушы органдардың қызметі тексеріледі. Естеріңізге салайық, Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлаған еді. Қазір үйінді астынан 37 жастағы әйел адамды іздестіру шаралары жүріп жатыр. Кеше 4 қазандық іске қосылды.