Маңғыстауда дауыл соғып, жолдар көрінбей қалды

Маңғыстауда шаңды дауыл соғып, жолдар көрінбей қалды. Құм аралас жел өңірдің батысы мен орталығында күшейді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Бейнеу-Ақтау» республикалық маңызы бар тас жолының 747-714 шақырымындағы жол учаскесі уақытша жабылды. Бүгін төтенше жағдай департаменті жел жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метрге жететінін хабарлаған. Ертең де қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Қанатов Нұрболат, МО ПД ППР аға инспекторы:

- Ауа райының қолайсыз болуына байланысты жолдарда көріну деңгейі нашарлап, «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» республикалық маңызы бар тас жолының учаскесі сағат 3-те уақытша жабылды. Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларын, мұқият әрі сақ болуларын және аса қажеттілік болмаса ұзақ жолдарға шықпауларын сұраймыз.