Саран шахтасында бір кенші қаза тапты – Қарағанды облысы  

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында тау-кен массасының опырылып құлауы салдарынан 57 жастағы кенші көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға 24 наурызда болған. Қазір жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ металлургиялық комбинат өкілдері кәсіпорында арнайы комиссия құрылғанын айтты. Еске салсақ, 2016 жылы дәл осы Саран шахтасында апат болып, салдарынан төрт адам қаза тауып, бес адам түрлі жарақат алған болатын.