Түркістан облысында тұрғын үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапты

Түркістан облысында тұрғын үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапты
Қазақпарат

Оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ш. Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, жалын 180 шаршы метрді шарпыды. Бірінші қабаттың төбесі опырылып, құлап түскен. Оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесі табылды. Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.