Ресей дамбыдан су жіберіп, БҚО-ны су алып кетті деген ақпаратты ТЖМ жоққа шығарды

Ресей дамбыдан су жіберіп, БҚО-ны су алып кетті деген ақпаратты ТЖМ жоққа шығарды

«Ресейден дамбыдан су жіберіліп, салдарынан Батыс Қазақстанды су алып кетті» деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, Қостанай облысымен шекаралас аумақта арнайы тексеріс жүргізілген. Жалпы қазір Қостанай мен Торғай аралығындағы аумақ төтенше жағдайлар қызметінің бақылауында. Ол жерде дала қары көп жиналған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының таулы аймағы да бақылауға алынған. Қарағандыда қорғаныс мақсатында қойылған қоршаулар бұзылып, салдарынан қала аумағын су алып кетті. Қазір онда суды сору жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Юрий Ильин, Төтенше жағдайлар министрі:

– Дала суының біздің аймаққа келуі жөнінде айтсақ, иә, Ресей жазығындағы қар еріп, Батыс Қазақстан аумағына келгені рас. Бұған дейінгі баяндамамда да айттым: бір аптаның ішінде борған соғып артынан күннің күрт жылынуы салдарынан далалы жерде қар тез еріді.  Осылайша жазықтағы су елді мекенге кеп жетті. Су тасымай тұрып, көктемгі науқанға даяр еместігі туралы ауылдық округ әкімдеріне 170-тен астам ескерту бергенбіз. Оның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне 40-тан астам ескерту берілген.