Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды
qazaly.kz

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде сағат 16:45-те Павлодар-Қызылорда автожолының 1279 шақырымында, Екібастұз қаласынан 20 км қашықтықта Chevrolet Cobalt көлігінің 32 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, куветке аударылып кеткен.

– ЖКО салдарынан 56, 46, және 14 жастағы көлік жолаушылары алған жарақаттардан оқиға болған жерде көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен 35 жастағы жолаушы жарақаттарымен ауруханаға түсті, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияда атап өткендей, бұл фактіге сәйкес Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.