Павлодарда №1 мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды

Зеркало недели

Павлодарда №1 мектептің үшінші қабатындағы кітап сақтау кабинетінен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды.

«2022 жылдың 15 сәуірінде сағат 11.06-да №1 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары келген соң, Малайсары батыр 3 көшесі, № 1 ЖОББМ үшінші қабатында кітап сақтау кабинетінде 15 ш.м. алаңда өрт болды. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала эвакуацияланды. Сағат 11-41-де өрт сөндірді. Жедел жәрдем бригадасы өрт орнынан ауруханаға 5 адамды алып кетті, ауруханаға жатқызу бойынша нақтылануда. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД жеке құрамнан 35 адам және 9 бірлік техника, АМО, 102, 103 қызметтері шықты» делінген хабарламада.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)