Ел аумағында жер сілкінді

Ел аумағында жер сілкінді
Inform.kz

Қазақстан аумағында, нақты айтқанда Алматы қаласынан батысқа қарай 151 км жерде жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СТӘЭ) ресми сайтына сілтеме жасап мәлімдеді.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты СТӘЭ-нің сейсмикалық стансалар желісі 16 сәуір күні Алматы уақытымен 19 сағат 54 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық санаты – 7,8. Магнитудасы – 3,7», – делінген таратылған хабарламада.