Алматыда 5 адамды атып өлтірген «Ақбұлақ атқышы» сотта соңғы сөзін айтты

Алматыда 5 адамды атып өлтірген «Ақбұлақ атқышы» сотта соңғы сөзін айтты

Алматыда 5 адамды атып өлтірген «Ақбұлақ атқышы» Игорь Дужнов сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қайғылы оқиға болғанға дейін өзі оқ атқан адамдарға ешқандай өшпенділік танытпағанын мәлімдеді. «Мұның бәріне заңсыз шешімдер себеп болды. Қолыма қаруды отбасын қорғау үшін алдым», - деді. Айыпталушыға қатысты сот үкімі келесі аптада 26 сәуір күні шығады. Еске сала кетейік, оған қатысты сот процесі 29 наурыздан бері онлайн режимде өтіп жатыр. Алдыңғы отырыста айыптаушы тарап судьядан Дужновты ең қатаң жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған еді.