Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

«2022 жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды. Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болған», - деп жазды Қорғаныс министрлігі.  

 «Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.