Алматыда 467 млн теңге аванс алған директор сотталды

Алматыда 467 млн теңге аванс алған директор сотталды

Алматыда жалған қаржылық құжаттарды жасап, өз атына 467 млн теңге заңсыз аванс жазған топ-менеджер сотталды. Осылайша, аса ірі көлемде ақша жымқырған «Kcell Solutions» жауапкершілігі – шектеулі  серіктестігінің бұрынғы қаржы директоры 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қылмыскер бұдан бөлек 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есеп шотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған. Жедел іздестіру шаралары барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп жұмсағаны анықталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі:

Сот үкімімен азамат Шөкей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылған. 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге қаржылық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айрылды.