Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін каналға құлап кетті

Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін каналға құлап кетті

Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында. Оқиға 30 сәуірде кешкі сағат 19:47 шамасында орын алған, деп жазады almaty.tv.

Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы көлемі 500 мм болатын суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған бала құбырға 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шықты, - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.