Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы бюджет қаржысын жымқырған

Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы бюджет қаржысын жымқырған
Inform.kz

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша  аумақтық департаментінің қызметкерлері «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы С.И. Түсіповтің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, С.И. Түсіпов 2016-2021 жылдар аралығында С. М. Иманбек және Т. М. Сәрсембиновпен бірге өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра отырып, жүйелі түрде қызметкерлерден заңсыз ақша қаражатын жинаған. 

- Сондай-ақ, сотталған автоматты телефон станциясын жөндеу бойынша шарттар жасасқан, ал іс жүзінде жұмыстар орындалмаған. Орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін С.И. Түсіпов  ақшалай сыйақы алған.

Павлодар қаласының сотымен азаматтар С.И. Түсіпов, С. М. Иманбек және Т. М. Сәрсембинов кінәлі деп танылып, әртүрлі жазаға тартылды.