Көкшетауда өрттен төрт адам көз жұмды

Қала іргесіндегі Красный яр  ауылында таңғы сағат 4 шамасында  көп қабатты үйдің  бірінші қабатындағы пәтер отқа оранған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйел адам мен оның немересі  терезеден далаға шығып үлгірген. Дереу жеткен өрт сөндірушілер отты бір сағаттың ішінде өшірді. Оқиға орынынан 1991 жылы туған ер адамның, 1993 жылғы әйелдің және 4 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Өрт 50 шаршы метрді қамтыған. Қазір  мамандар тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр желісінің тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Басқа да болжамдар қарастырылады-дейді төтенше жағдайлар департаментіндегілер.