Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды
Daily

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  11 мамырда сағат 14.37-де «112» пультіне Ак. Бектұров көшесі, 109  мекенжайынан хабарлама  түскен.

- Тоғыз қабатты тұрғын үйде тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған «Экстрамед» медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйелдің жасы 30-да. 

Кеуде омыртқасының сынуы, бас миының шайқаулы диагнозымен  №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізе сала кетейік, 9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлов көшесіндегі үйдің жанында сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ тұрғынның денесі табылған. 84 жастағы ер адам төртінші қабатта орналасқан өз пәтерінің терезесінен құлап түскен.