Құтқарушылар тұрғын үй маңдайшасына шығып кеткен жеті жасар баланы аман алып қалды – Өскемен

Өскемен тұрғындары 7 жасар баланың жазатайым бола жаздағанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген баланы байқаған. Ойын баласы үйдің кіреберісінің маңдайшасына шығып кеткен. Ойы 4-қабаттан секіріп түсу болса керек. Сөйтіп тұрғындардың қырағылығының арқасында тағы бір перзентті періштесі қақты. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, биіктегі балаға көмектесті.