Павлодар облысында жол апатына түскен жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр

Павлодар облысында жол апатына түскен жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр
Almaty.tv

Баянауыл ауданында жол апатына түскен бес адам қолхат жазып, ауруханадан шыққан, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1986 жылы туған әйел адам, 2000 жылы туған бойжеткен, 2005 жылы туған ұл бала № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

- Сондай-ақ 1986 жылы туған ер адам № 1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем алуда. Жағдайы орташа ауыр, - деді басқармада.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда   Торайғыр көліне баратын жолда  17-19 жас аралығындағы бес адам зардап шеккен. 9 мамырда Баянауыл мен Қаражар ауылының арасындағы тас жолдың бойында шағын автобус аударылып қалып, тоғыз  адамға шұғыл көмек көрсетілді.