Алматыдан 124 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 124 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер дүмпуі Алматы уақыты бойынша сағат 17.02 кезінде болған. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым қашықтықта, Алматы облысы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.2.

Магнитудасы - 4.2.

Эпицентр координаттары - 43.32° с.ш. 78.43° в.д.

Тереңдігі - 15 шақырым.

«Тұрғындарға сезілгені жайлы мәлімет жоқ» – делінген Сейсмикалық стансалар желісінің кезекші операторы таратқан хабарламада.