Ақтауда досын өлтірген ер адамға сот үкім шығарды

Досын пәтерде пышақтап өлтірген қылмыскер тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау облыстық соты қандықол қылмыскерге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Оқиға өткен 2021 жылы 3 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған. М. есімді азамат Ақтау қаласындағы үйінде танысымен ішімдік ішіп, кейін араларында жанжал туындаған. Артынша қылмыскер жанындағы серігінің кеудесінен пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Үкім заңды күшіне енді.