Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс тергелді

Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс тергелді

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысы бойынша аумақтық Департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істі тергеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекет бюджетіне 1 миллиард теңгеден астам шығын келген. Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға сотталды.