Қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көмек көрсетіледі

Қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көмек көрсетіледі
inform.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

«Бүгін, 10 маусым «Құрылысмет» ЖШС мастерпресс цехында жазатайым оқиға болып, салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ төрт қызметкері қаза тапты. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бірқалыпты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес марқұмдардың отбасыларына бүкіл қажетті көмек көрсетіледі» – делінген компанияның ресми сайтында.

Бұған дейін «Құрылысмет»« ЖШС аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері қайғылы жағдайға ұшырағаны жазылған болатын. Отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде цехтың жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінің төбесі құлады. Үйінді астында бес адам қалып қойды. Оның төртеуі қайтыс болды, 1994 жылы туған тағы бір жұмыскер ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.