Алматыдан 810 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 810 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер дүмпуі 14 маусым күні Алматы уақытымен 13:35 кезінде болған. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 810 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.9.

Магнитудасы - 5.9.

Тереңдігі - 200 шақырым.

«Тұрғындарға сезілгені жайлы мәлімет жоқ», – делінген Сейсмикалық стансалар желісінің кезекші операторы таратқан хабарламада.