Семейде өртенген үйден 50 адам эвакуацияланды

Семейде Физкультурная көшесінде орналасқан 9 қабатты үйден өрт шығып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын алтыншы қабаттағы пәтердің бірінде тұтанған. Үйдегі жиһаздар мен тұрмыстық техникалар түгелдей жанып кеткен. Өрт сөндірушілер баспалдақпен осы қабаттағы 2006, 2008 жылғы балаларды құтқарды. Ыс тиген балаларды ауруханаға жеткізген. Олардың анасы 42 жастағы пәтер иесі балаларын шығарамын деп, денесін күйік шалған. Ол да ауруханаға жатқызылды. Тұрғын үйдегі 50 адам ғимараттан шығарылған. Қызыл жалын 32 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жаумен күресуге 40 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылған.