Елорда маңында құрғақ шөп өртенді

Елорда маңында құрғақ шөп өртенді

Елорда маңындағы Қорғалжын тас жолы бойында қураған шөп өртенді.

Төтеншеліктер аталған жерге дереу жетіп, құрғақ шөп пен қамыс тұтанғанын анықтаған. Кешкі 17:30-да өрт біршама сөнгені белгілі болды.

Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Дәл қазіргі сәтте өрт жекешелей ауыздықталды. Шамамен өрттің аумағы 1 гектар аумақты шарпыған. Оқиға орнында 30-ға жуық өрт сөндіруші және 10 шақты техника жұмыс істеуде. Өрттің Нұр-Сұлтан қаласы жасыл белдеу аумағына таралу қаупі сейілді. Зардап шеккендер жоқ, өрт сөндіру жалғасуда.