Маңғыстау облысында шенеуніктер 637 млн теңге жымқырған

Жаңаөзен қаласындағы коммуналдық мекеменің бірінде жарты миллиард теңгеден астам қаржы қолды болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокуратура 3 жылғы бюджеттің жұмсалуын тексерген кезде осыны анықтады.

Атап айтсақ, 2019 жылдан бері ақшаға алақол араласып, 637 миллион теңгені жымқырған. 

Ержан Тұрмағанбетов, облыс прокурорының орынбасары:

- 2022 жылдың 2-тоқсанында Жаңаөзен прокуратурасымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Өзен инвестте» бірқатар тексерулер жүргізілді. Бүгінгі таңда көптеген қаржылық құжаттарды зерделеу барысында осы мекеменің лауазымды тұлғаларымен 640 млн-ға жуық ақша талан-таражға салынған. Осы мекеменің 9 қызметкеріне өздерінің жалақыларынан жоғары көлемде қаражат аударған. Одан басқа бірнеше бизнес субьектілеріне тиісті жұмыстың атқарылғаны жөнінде актілер жасақтамай, құжаттар жасақтамай, мемлекеттің ақшасын жымқыру, талан-таражға салу барысында қаражаттардың заңсыз аударылғаны анықталды.