Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден аса ірі қара ұрланды

Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден аса ірі қара ұрланды

Ақмола мен Жамбыл өңірінде 500, Түркістанда 400-ге жуық мал қолды болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деп мәлімдеді.  Соңғы уақытта аймақтарда мал ұрлап, ет саудалайтын топ көбейген. Олар етті негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына өткізетіні белгілі болды.