Жамбыл облысында қару-жарақ қоймасы табылды

Жамбыл облысында қару-жарақ қоймасы табылды

Қаскөйлер қаруды зираттың ішіне жасырған. Бір автомат, 9 мм калибрлі травматикалық револьвер, 1 граната, 60-қа жуық оқ дәрі анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, жергілікті тәртіп сақшылары қару, оқ-дәрілердің орналасқан жері туралы хабарлаған немесе өз еркімен тапсырған адамды жауапкершілікке тартпайытынын еске салады. Сонымен қатар анонимділікке кепілдік беріледі.