Көлік терезесінен денесін шығарып жүргендер жазаланды – Алматы

Көлік терезесінен денесін шығарып жүргендер жазаланды – Алматы
ҚазАқпарат

Әлеуметтік желіде көлік терезесі мен люгінен денесін шығарып алған екі жігіттің видеосы тараған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін «Range Rover» көлігінің жүргізушісін жауапқа тартты. Бейнежазба тәртіп сақшыларының назарына ілініп, нәтижесінде жол ережесін бұзған 1996 жылы туған К. есімді көлік жүргізушісі анықталды. «Range Rover» көлігінің жүргізушісі К. есімді азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.