Жетісу облысында мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жетісу облысында мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Текелі қаласындағы мектеп директоры ағаш кескені үшін айыпты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Өйткені оқу орнының аумағындағы қарағайлы аллеяны кесуге бұйрық берген. Бұл қоғамдық наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл жай ағаштар емес, Қырым қарағайының сирек кездесетін түрі деп отыр. Ал мектеп басшысы олар қатты желде құлап, біреуді жарақаттауы мүмкін деп қауіптенген көрінеді. Қалай болған күнде де директордың ісі әкімдік тарапынан заңсыз деп табылып, 1 млн 715 мың теңгеге шығын келді деп есептелді.