Павлодарда көлік аударылып қалды (ВИДЕО)

Павлодарда көлік аударылып қалды (ВИДЕО)

Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығындағы әуежайға қарай айналма жолда екі шетелдік көлік соқтығысты. Қатты соққының әсерінен олардың біреуі аударылып қалған. Жол апатынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

- Жібек жолы - 14-Годовщина көшелерінің қиылысында «Honda» мен «Toyota» соқтығысты, – деді облыстық Полиция департаментінде.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.