Қызылорда облысында тұрғын үй өртенді

Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде аумағы 132 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй өртке оранды.

Хабарлама түскен бойда, оқиға орнына 2 өрт сөндіру техникасы мен 6 қызметкер 9 минуттан кейін жеткен. Жарты сағаттан кейн қызыл жалын сөндірілді. Өрт салдарынан тұрғын үйдің төбе жабындысы толық жанған. Адам шығыны жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

АТЫРАУДА   ПСИХОТРОПТЫ ДӘРІ САТҚАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Атырауда көлік терезесінен психотропты дәрі сатқан әйел ұсталды. Полицейлер аталған көлікті тексеру кезінде оның жүргізушісінің де масаң күйде көлік тізгіндегенін анықтады. Жүргізуші осы әрекеті үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды. Ал психотропты дәрі сатқан әйелден 13 дана трамадол мен 5 құты тропикамид дәрілері тәркіленіп, медициналық сараптамаға жолданды.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫНЫ КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ

Маңғыстау облысында жол белгілерін сызып жүрген жұмысшыны  көлік қағып кетті. Жол көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақаттанған 1960 жылы туған азамат ауруханаға жеткізілді. Қазір ол өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы ауыр деп отыр.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА  АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН

Түркістан облысы, Келес ауданында ауласына 19 түп қара сора өсімдігін еккен түрғын ұсталды. Сондай-ақ оның үйінен кептірілген марехуана ұнтағы табылған. Тұрғын есірткіні өзі қолдану үшін өсіргенін мойындады. Қазір аталған дерек бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.