Павлодар облысында мекеме басшылары мылқау жандарға бөлінген 10 млн теңгені жымқырған 

Павлодар облысында мекеме басшылары мылқау жандарға бөлінген 10 млн теңгені жымқырған 

Бюджет қаражатын жымқырғандарға қатысты кезекті тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Павлодар облысында мүгедектерге ымдау тілі маманын жалдауға бөлінген ақша ұрланған. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктері 2019 жылдан бері ымдау тілі маманын жалдаймыз деп әкімдіктен ақша алып, шын мәнінде толық қызмет көрсетпеген. Енді мекеме басшылары 3,5 жылға бас бостандығынан шектеледі.