Алжирде өрттен 34 адам ажал құшты

Алжирде өрттен 34 адам ажал құшты

Алжирде дала өрті 37 адамды ажал құштырды, 161 кісі зардап шекті. Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша сәрсенбі күні елдің 14 өңірінде өрттің 39 ошағы анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыздың басынан бері  3 мың гектардан астам жерді от шарпыды. Тілсіз жаудың құрбандары Алжим мен Тунис шекараласатын Әл Тарф аймағының тұрғындары. Ол жерде 34 адам қайтыс болды.  Араларында туристік аймаққа қыдырып келгендер де бар.

Хакім Боуачиха,  парк күзетшісі:

- Өрт адамдардың өмірін жалмады, араларында балалар, тіпті сәбилер болды. Бірақ көмекке ешкім келмеді. Өрт сөндірушілерді үш сағат бойы күттік.

ИСПАНИЯДА 13 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР КҮЛГЕ АЙНАЛДЫ

Испания әскерінің төтенше қызметі Валенсия аумағындағы өртпен күресіп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Бехис өңірінде басталып, Алькублас аймағына таралған қызыл жалын қазір оңтүстікке қарай жайылып барады. 13 мың гектар жер күлге айналды. Жалпы биылдың өзінде Испаниядағы орман өрті 217 мың гектарды тып-типыл етті.