Павлодарда 33 келі марихуана тәркіленді

Павлодарда 33 келі марихуана тәркіленді

Павлодарда 67 жастағы азаматтан 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодардық полиция басқармасының мәлімдеуінше күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Тәртіп сақшылары азаматтың үйін тінту барысында 33 келі марихуана және 3,3 келіден астам гашиш тауып, тәркілеген. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кету керек, биыл есірткінің заңсыз айналымы бойынша 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталған.