Риддерде спортшы балалар жатқан қонақүй өртенді

Риддерде спортшы балалар жатқан қонақүй өртенді

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қонақүйдің ішінде орналасқан саунада өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында Риддердегі 4-шағын ауданда орналасқан қонақүй ішіндегі саунада өрт тұтанған. Қызыл жалын киім ауыстыратын бөлменің төбесі мен қабырғаларын шарпыды. 

«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумаққа жайылған жалынды ауыздықтады. Қауіпсіздік мақсатында қонақүйде тұрып жатқан 10 спортшы бала эвакуацияланды. Өртті өшіруге 4 техника мен жеке құрамнан 11 адам жұмылдырылды» деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Оттың шығу себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін.