Қостанай облысында бірқатар мектеп қашықтан оқытады

Қостанай облысында бірқатар мектеп қашықтан оқытады

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендер уақытша орналастырылған 3 мектеп онлайн білім беруге көшеді. Аймақтың Білім басқармасы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы қанша білім ұясы қашықтан оқытуға көшетінін ведомства өкілдері қазір анықтап жатыр. Мамандар қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың қанша уақыт тұрақтайтынын білгеннен кейін тиісті шешім қабылдайды. Анығы, ахуал тұрақталғанға дейін 3 мың оқушы онлайн жүйеде білім алады.

Ғауез Нұрмұхамбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Эвакуациялық пунктер орналасқан Әулиекөлдегі  үш мектеп қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Қиын жағдайға тап болған отбасы балаларының оқу сабағы үзілмейді. Оқулық, киім кешекпен  барынша қамтамасыз етеміз.