Қандысу су қоймасы апатты жағдайда

Топырақтың өзі  құрғақ міне астында  түк те жоқ, Арықтың шетінің өзі осындай.

Малға қараған ауылдардың бірі Маңырақтың маңайы осындай. Кезінде көк шалғынға оранып жататын жердің шаңы аспанға шыққан. Шабылған шөпті шөп деуге келмейді дейді зейнеткер Жексенбі Қабдолдин. Қария әдетте 3 тіркеме шөп жинаса, биыл біреуін әрең толтырыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жексенбі Қабдолдин,  Маңырақ ауылының тұрғыны:

- Мынау енді өздеріңіз көріп тұрсыздар, шөптің шыққан түрі мынауғ 5 гектардан бес-ақ сүйем, мұнымен қайда  барамыз. Өндіріс жоқ, басқа кәсіп жоқ. Қазіргі жастардың бәрі малға қарап отыр.

Басқасын айтпағанда жалғыз Маңырақ ауылдық округінде 11 мың ұсақ мал, 12 мың ірі қара бар. Енді оның қыстан қалай шығары белгісіз. Шөп қажетті мөлшерден екі есе аз.

Мырзабек Мұқанғалиев, Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Мақырақ ауылдық округіне 14 мың 300 тонна жинау керек шөп. Қазір бар жоғы жиналғаны 7 мың тонна ғана.

Жалғыз себеп – осы жердегі Қандысу су қоймасының апатты жағдайда болуы. Осыдан 39 жыл бұрын салынған гидротехникалық құрылғы әбден ескірген. Оған «су толтыру деген сөз»- су тасқынын қолдан жасаумен бірдей.

Болат Нұрпейісов, «Қазсушар» РМК ШҚО филиалы ақжар учаскесінің басшысы:

- Суды аз жинаймыз.Авариялық жағдай.Ауылда осы астында  5 ауыл бар,10 мың халық бар. Ертең мына суды көп жинасақ бізде апатты жағдай болуы мүмкін. Халықты, ауылды су басуы мүмкін.

Осылайша 45 миллион текше метрге жуық су сиятын қоймаға соңғы жылдары тек 15 миллион текше метр ғана жиналып жүр. Ол құмға сіңген тамшыдай жоқ болады. Сондықтан күнін малмен көріп отырған қарайған халық салалық министрліктен көмек сұрайды. Ал олардың жауабы мынадай.

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Су қоймасын жөндеуге шамамен 1 миллиард теңге  кетеді. Ол үшін кем дегенде екі жыл мерзім керек.  Биыл жобалық сметалық құжатттама үшін 58 миллион теңгеге өтініш бердік. Бұны әзірге республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаған жоқ. Енді өтінімді қайтара ұсынып көрмекпіз.

Дегенмен бұл құжаттың мақұлдануы бүкіл ауданды үдере көшуден сақтап қалатын бірден-бір жол. Өйткені мал азығына қарап қалған елдің көбі қазір қалаға бет түзеген.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов