Шығыс Қазақстан облысы да өртпен алысып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы да өртпен алысып жатыр

Алтай ауданында өртенген алқапты сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын 400 гектарға жуық жерді шарпыды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір 300 құтқарушы 24 техниканың көмегімен қызыл жалынмен күресіп жатыр. Сондай-ақ мамандар АН-екі ұшағы арқылы жалынның аумағы мен бағытын бақылап отыр.