Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы қызметкері пара алып істі болды. Енді 15 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ведомствоның мәліметінше, парақорлық үшін жауапқа тартылған қызметкерді Агенттіктің өзіндік қауіпсіздік департаментінің мамандары әшкерелеген.