ШҚО-да өрт өршіп тұр

Өскемен қаласының маңындағы саяжай аумағында бірнеше жерден өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, қала орталығындағы май зауыты мен Глубокое ауданында астық қоймасы өртенді. Согра ықшам ауданындағы тау-шаңғы орталығының ғимаратына да тілсіз жау лап қойды. Таңертеңнен бері өрт сөндірушілер аяқтан тік тұрды. Бір күннің ішінде 45 шақырту түскен. Құтқарушылардың айтуынша, қала сыртындағы құрғақ шөптің өртенуі жиілеп кеткен. Өрттің таралуына күннің жылуы мен желдің тұруы себеп болған. Қазір секундына 15-20, кей жерде 23-28 метрге жететін жел соғып жатыр. Тұрғындарға өрт қаупі туралы алдын ала хабарлама таратылды. Төтенше жағдайлар қызметінң мамандары аса сақ болуды ескертіп отыр. Жалпы өрт ошақтарындағы жұмысқа құтқарушылармен қатар, жергілікті әкімдік өкілдері, Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды