Маңғыстау облысында үйінің ауласында есірткі өсірген адам ұсталды

Маңғыстау облысында үйінің ауласында есірткі өсірген адам ұсталды

Маңғыстау облысында үйінің ауласында есірткі өсірген ер адам ұсталды.

Мұнайлы ауданының 36 жастағы тұрғыны баспанасын еліткіш зат егу үшін арнайы жабдықтаған. Тінту кезінде бірнеше шам мен шағын 10 полиэтилен қапшықта сақталған марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің салмағы 8 келіден асады. Осы дерек бойынша заңның 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.