Ақтауда бірнеше азаматты алдап соққан алаяқ ұсталды

Күдікті оларды жалақысы жоғары қызметке тұрғызамын деп уәде берген.

Осы көмегі үшін жәбірленушілердің  2 млн 700 мың теңгесін қалтаға басқан. Мұнымен қоймай, жеке кәсіпкерді сан соқтырғаны белгілі болып отыр. Дүкенге газ тарту үшін құжаттарды тез арада рәсімдеп беретінін айтып, 1 млн теңге алған. Қазір алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

- Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, бірден қолға түсірді. Заңның 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соңғы кезде Ақтауда алаяқтық деректері жиілеп кетті. Тұрғындарды абай болуға шақырамыз.