Қостанай облысында алкогольді ішімдікті заңсыз шығаратын цех анықталды

Қостанай облысында алкогольді заңсыз шығаратын жасырын цех анықталды.

Танымал маркалы арақ-шарап антисанитариялық жолмен бөтелкелерге құйылып, ірі көлемде саудаланған. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы құны жеті миллион теңгеге бағаланады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деп мәлімдеді қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және тағы басқа анықталып тәркіленді.