Ақтөбедегі түнгі клубтар мен демалыс орындары тексеріледі

Ақтөбедегі түнгі клубтар мен демалыс орындары тексеріледі

Облыс орталығындағы түнгі клубтардың бірінде болған қанды қырғыннан кейін, полиция бақылауды күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзетшілердің біліктілігі тексеріледі. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Елек өзені жағасынан екі адамның мәйіті табылған еді. Оларды пышақтап кеткен. Марқұмдар Темір ауданының тұрғындары екен. Тергеу кезінде олардың түнгі клубтардың бірінде демалғандығы белгілі болды. Сол жердің күзетшілерімен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Қаскөйлер кейін екі адамның жансыз денесін көлікпен апарып, өзен жағасына тастап кеткен. Қазір осы оқиғаға қатысты бірнеше күдікті ұсталды

Нұрболат Сұлтанов, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Қылмысты жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды.  Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін  осы түнгі клубтың директоры ұсталды. Бұл клубтың  лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі.