Маңғыстау облысында 12 жыл іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады

Маңғыстау облысы бойынша криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 12 жыл іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті 10 адамды жал-ақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын деп уәде берген. Осы көмегі үшін жәбірленушілерден 50 млн теңге алып, басқа өңірге ізін суытады.

Полицияның мәліметінше, ол соңғы жылдары Алматы қаласында жалған құжаттармен өмір сүрген. Сол жақта қолға түсті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Тимур Сүлейменов, ПД Криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- 54 жастағы азаматша Батыс Қазақстан облысының тумасы. ҚР қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлімінде көзделген алаяқтық қылмысына күдікті. Қазіргі кезде ол Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторында.